- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Лимон жеу
Күнде лимон жесе не болады?
Суық мезгілде көптеген адам лимонды жиі жей бастайды. Алайда бұл жемістің пайдалы қасиеттеріне қарамастан, оның құрамында С дәрумені көп, сондықтан лимонды шамадан тыс тұтынса, ағзаға зиян тигізуі мүмкін. Бұл туралы эндокринолог Евгений Белоусов егжей-тегжейлі айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Страстиге" сілтеме жасап.
Мысалы, лимон қышқылы асқазандағы қышқылдық деңгейін жоғарылатады, бұл - қыжылға, асқазанның тітіркенуіне және тіпті гастритке әкеп соқтыруы мүмкін.
"Әсіресе қышқылға сезімтал адамдар үшін лимон шырынын артық мөлшерде тұтыну - пайдадан гөрі зиян көп тигізеді. Сонымен қатар кейбір адамдарда лимон қышу, есекжем немесе ісіну сияқты аллергиялық реакцияларды тудырады", - деді Евгений Белоусов.
Сондай-ақ лимон тіске зиян тигізуі мүмкін. Қышқылдығы жоғары болғандықтан, лимон шырыны эмальды біртіндеп жейді, бұл сезімталдықтың жоғарылауына және тіпті тістің ауруына әкеледі.
"Асқазан жарасы немесе бүйрек ауруы сияқты созылмалы аурулары бар адамдарға лимон тұтынғанда абай болу өте маңызды, өйткені олардың қышқылы жағдайды нашарлатуы мүмкін. Сондай-ақ лимонды шамадан тыс тұтыну шырышты қабықтарды тітіркендіріп, тамақта ыңғайсыздық тудыруы мүмкін", - деді дәрігер.
Дәрігерлер иммунитетті қолдау және асқазан мен тістерге қышқылдық зақым келтіру қаупінсіз ас қорытуды жақсарту үшін диетаға күніне бір-екі лимон шырынын қосу жеткілікті деп санайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә