- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күнде кешкісін жаяу...
Күнде кешкісін жаяу жүру ағзаға қалай әсер етеді?
Жаяу жүру – таза ауада уақыт өткізудің, физикалық және психикалық жағдайды жақсартудың керемет әдісі. Жүйелі түрде серуендеудің ағзаға тигізер пайдасы мол және ол өміріңіздің түрлі аспектілеріне әсер етеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Таза ауада серуендеудің қандай пайдасы бар?
Бұлшықеттерді қатайтады және физикалық пішінді жақсартады. Жаяу жүру – бүкіл денеге арналған жаттығу. Жүйелі түрде серуендеу бұлшықет жүйесін, әсіресе аяқ, сан, жамбасты қатайтады. Оған қоса, ол физикалық пішініңізді жақсартады және төзімділікті арттырады.
Аурулардың даму қаупін азайтады. Жүйелі түрде жаяу жүру жүрек-қан тамырлар аурулары, диабет, семіздік және қатерлі ісіктің кей түрлерінің даму қаупін азайтады. Ол жүрек-қан тамырлар жүйесін қатайтуға, қанайналымды жақсартуға және қандағы холестерин деңгейін азайтуға ықпал етеді.
Дұрыс салмақты сақтап тұруға көмектеседі. Жаяу жүру - калория жағудың және дұрыс салмақты ұстап тұрудың керемет әдісі. Себебі ол зат алмасуды жылдамдатуға көмектеседі. Оған қоса, таза ауада жаяу жүру тәбетті бақылауда ұстауға, нәтижесінде артық тамақтанудың алдын алуға көмектеседі.
Көңіл күйді жақсартады және күйзелісті азайтады. Физикалық белсенділік, соның ішінде жаяу серуендеу бақыт гормоны - эндорфиндер бөлінуіне ықпал етеді. Ол көңіл күйді жақсартады, күйзеліс пен депрессия деңгейін азайтады. Серуендеу босаңсуға және зейін қоюды арттыруға ықпал етеді.
Ұйқыны жақсартады. Жүйелі түрде серуендеу жылдам ұйықтап кетуге және ұйқы сапасын жақсартуға көмектеседі. Физикалық белсенділік босаңсытады, ал таза ауа ағзаны оттекпен қанықтырады. Бұл ұйқыға жағымды әсер етеді.
Иммунды жүйені қатайтады. Физикалық белсенділік, оның ішінде серуендеу иммунды жүйені қатайтуға көмектеседі және ағзаңызды түрлі жұқпаларға төзімді етеді.
Қоршаған ортадан ләззат алуға мүмкіндік береді. Жаяу жүру табиғат және қоршаған орта сұлулығына тамсануға мүмкіндік береді.
Күнделікті серуендеу әдетін бүгіннен бастаңыз және оның барлық артықшылығынан ләззат алыңыз.
Оқи отырыңыз: Моншаға түсуді әдетке айналдыруға 6 себеп
А. Жапатова