- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күнде бір сағат...
Күнде бір сағат серуендесе не болады?
Жаңа 2024 жыл басталды. Көпшілік өміріне жаңа пайдалы әдеттер қосуды ойлап, алдына мақсаттар қойып жатыр. Солардың бірі – спортқа уақыт бөлу. Оның ең қарапайым және қолжетімді түрі – күнделікті бір сағат серуендеу, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Күнделікті серуендеудің пайдасы қандай?
Біріншіден, ол жүрек-қан тамырлар жүйесін қатайтуға және қанайналымды жақсартуға көмектеседі. Ал ол өз кезегінде күретамырлы қысымның көтерілуі және инсульт секілді жүрек-қан тамырлар ауруларының даму қаупін азайтады.
Екіншіден, серуендеу жалпы физикалық пішінді жақсартуға және күшті көбейтуге ықпал етеді. Олар аяқ, арқа, жамбас бұлшықеттерін қатайтуға көмектеседі. Жүйелі түрде серуендеу сүйек тінінің қатаюына ықпал етіп, остеопороздың алдын алады.
Менталды денсаулыққа пайдасы
Күнделікті серуендеу сондай-ақ психикалық саулыққа жағымды әсер етеді. Ол күйзелісті және бойдағы кернеуді азайтуға көмектеседі, көңіл күйді жақсартады және энергия деңгейін арттырады. Таза ауада серуендеу бақыт гормоны – эндорфиндердің бөлінуіне ықпал етеді. Оған қоса, серуендеу кезінде күнделікті проблемалардан алаңдап, мақсаттарыңыз жайлы ойлануға болады. Көпшілік адам жағымды нәрсені пайдалымен бірлестіріп, қызықты подкасттар немесе сұхбаттар тыңдайды.
Күнделікті серуендеуге арналған кеңестер:
- Өзіңізге күнде бір сағат серуендеу керегі жайлы мақсат қойыңыз және бұл әдетті сақтаңыз;
- Өзіңіз тұратын жерді зерттеңіз, сізге серуендеуге ыңғайлы болатын бағыт құрып алыңыз;
- Серуендеуге саябақ секілді көгалданған жерлерді таңдауға тырысыңыз;
- Мүмкіндік болса, қасыңызға отбасы мүшелерін немесе достарыңызды шақырыңыз;
- Серуендеуге шығарда ыңғайлы аяқ киім мен киім киіп алыңыз.
Оқи отырыңыз: Апта сайын моншаға барса не болады?
А. Жапатова