Күнде бас жуу – біреулер үшін қалыпты жағдай. Алайда күнде бас жууды қолдамайтын адамдар да бар. Күнде бас жуса, шаш пен бас терісіне не болады? Оның артықшылықтары мен мүмкін кемшіліктері жайлы айтамыз.
Күнде бас жуудың артықшылықтары:
Артық май мен ластықтан арылу
Күнде бас жуу шашқа және бас терісіне жиналатын артық майдан, ластықтан, шаңнан және шашқа арналған құралдардың қалдығынан арылуға көмектеседі.
Қайызғақтың алдын алу
Басты жүйелі түрде жуу қайызғақтың және бас қышуының алдын алады.
Қанайналымды ынталандыру
Бас жуған кезде бас терісіне массаж жасау бастағы қанайналымды ынталандыруға көмектеседі. Ол шаштың сау болуына және оның жақсы өсуіне ықпал етеді.
Жайлылық сезімі
Таза шаш адамға жайлылық сезімін сыйлап, көңіл күйіне жағымды әсер етеді.
Күнде бас жуудың мынадай кемшіліктері болуы мүмкін:
Табиғи майды кетіру
Басты жиі жуған кезде табиғи тері майының кетіп қалуы мүмкін. Ол шаштың ылғалдылығы үшін және бас терісін қорғауға қажет. Бұл құрғақтыққа, сынғыштыққа жне шаш жалтырының жоғалуына әкелуі мүмкін.
Шаштың зақымдалу қаупі
Сусабынды жиі қолдану және басты жиі уқалау шашты зақымдауы мүмкін. Әсіресе, шашыңыз жұқа және әлсіз болса, бұл шаштың түсуіне әкелуі мүмкін.
Аллергия
Кей сусабындар мен бальзамдардың құрамындағы ингредиеттер кей адамдарға аллергиялық реакция беруі мүмкін. Мұндай өнімдерді жиі пайдалану бұл проблеманың туындау қаупін арттыруы мүмкін.
Шашты күнде жуу немесе жумау әр адамның өз ерекшелігіне қарай таңдалуы тиіс. Егер шашқа және бас терісіне қатысты проблемаңыз болса, трихолог маманға қаралыңыз.
Шашты бүлдіретін зиян әдеттер жайлы мына жерден оқыңыз.