Пирогов университетінің Клиникалық медицина институты емхана терапиясы кафедрасының доценті, медицина ғылымдарының кандидаты Татьяна Миронова күнбағыс пістесі ішекті "бітеп тастайды" деген түсініктің қаншалық рас екенін түсіндірді. Ол бұл өнімге қатысты кең тараған жаңсақ пікірді "Лента.ру" басылымына берген сұхбатында жоққа шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ішекті дәннің өзі емес, оның қабығы бітеп қалуы мүмкін. Қабығын жұтып қою кей жағдайда жедел аппендицитке себеп болуы ықтимал", - деді Миронова.
Ал күнбағыс дәнінің өзі пайдалы өнім. Оның құрамында B және E дәрумендері, магний, мырыш, омега-3 пен омега-6 май қышқылдары, өсімдік ақуызы және талшық бар.
Дегенмен дәрігер күнбағыс дәнін күніне 30 грамнан артық жемеуге кеңес береді. Себебі оның калориясы көп. Шамадан тыс жегенде қыжыл пайда болуы, гастрит асқынуы және өт жолдарына байланысты мәселелер туындауы мүмкін.
Сондай-ақ, тұзды дән ағзада сұйықтықтың жиналуына және қан қысымының көтерілуіне әсер етуі мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!