Күн суытады: Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет Алматы мен Астанада 25-27 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын болжады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

25 ақпан - ауа райы құбылмалы, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан соғады, жылдамдығы 3-8 м/с. Түнде 0-2°C, күндіз 13-15°C жылы.

26 ақпан - бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, көктайғақ болады. Кешке тұман түсуі мүмкін. Жел солтүстік-батыстан 3-8 м/с шығады, күндіз екпіні 15 м/с болады. Түнде 0-2°C, күндіз 6-8°C жылы.

27 ақпан - ауа райы құбылмалы, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан 2-7 м/с соғады. Түнде 5-7°C аяз, күндіз 1-3°C жылы.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

25 ақпан - ауа райы құбылмалы, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с соғады. Түнде 7-9°C аяз, күндіз 0-2°C жылы.

26 ақпан - ауа райы құбылмалы, түнде қар жауады, тұман түседі, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауып, боран соғады, көктайғақ болады. Жел шығыстан батысқа ауысып, 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Түнде 6-8°C аяз, күндіз -1°C - +1°C.

27 ақпан - ауа райы құбылмалы, түнде қар жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 м/с соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады. Түнде 11-13°C аяз, күндіз 6-8°C аяз.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!