Синоптиктер 22-24 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Метеорологтардың мәліметінше, таяу күндері Қазақстанның басым бөлігінде жылы, алайда тұрақсыз ауа массалары сақталады. Сондықтан жаңбыр жауады, елдің батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауып, жел тұрады.
"Республиканың солтүстік жартысында күндіз ауа температурасы 18-24 градусқа дейін төмендейді, елдің қалған аумағында айтарлықтай өзгеріс болжанбайды", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз