"Қазгидромет" 26 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің көптеген облыстарында жауын-шашын күтіліп, дауылды алдын ала ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Massaget.kz.
Бүгін Ақмола, Абай, Ақтөбе, Атырау, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Ұлытау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде қар күтіледі. Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.