- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Күн суық, жаңбыр...
"Күн суық, жаңбыр жауды": АСК төрайымы алматылықтардың дауыс беру көрсеткіші неге аз екенін түсіндірді
Алматы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова алматылықтардың дауыс беру көрсеткіші неге аз екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ОСК мәліметінше, 14.00-дегі жағдай бойынша, Алматыда сайлауда дауыс берушілер саны 24,17 пайыз болды. Осыған байланысты журналист Асановаға Алматының келу бойынша неліктен үнемі тізімнің соңында екенін және оның себептері бар ма деген сұрақ қойды.
"Өзіңіз алматылықсыз ба? Білесіз ғой, ұйықтағанды жақсы көреміз, жексенбіде түсте оянып, 12.00-де шай ішіп, сосын ғана асықпай сыртқа шығамыз. Солай деп ойлаймын. Білмеймін, кешке дейін көреміз. Бүгін күн суық, жаңбыр жауды. Барлық тұрғынды дауыс беруге шақырамын", - деді Асанова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина