Кейбір адамдарда күн суығанда бірден тәбет жоғарылайды, өйткені дененің оңтайлы температурасын ұстап тұру үшін көбірек энергия қажет. Эндокринолог Екатерина Сахнова суық мезгілде артық тамақтануды қалай басуға болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Life.ru-ға сілтеме жасап.
Маман теңдестірілген тамақтану түрі артық тамақтанудан аулақ болуға және тәбетті төмендетуге көмектесетінін алға тартты.
Рационның 45-55 пайызын көмірсулар, 20-35 пайызын майлар және 10-35 пайызын ақуыздар алуы керек.
Сонымен қатар аштық сезімі көкөністер мен жемістердің күнделікті тұтынылуын бақылауға көмектеседі. Ал алкогольді, тәттілерді және газдалған сусындарды тұтынудан бас тарту керек.
"Үнемі шамадан тыс тамақтану салмақ қосуды ғана емес, сонымен қатар бірқатар ауыр ауруларды тудыруы мүмкін. Семіздік метаболикалық бұзылулардың, жүрек-қан тамырлары ауруларының және эндокриндік патологиялардың дамуына әкеп соқтырады. Мұның бір салдары - ұйқының бұзылуы, соның ішінде қорылдау және тыныс алуды тоқтату", - деп қосты сарапшы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!