Көп адам таңғы асқа шұжық бутербродтарды жеуді ұнатады. Алайда бұл әдеттің денсаулыққа әсері туралы көбіміз ойлай бермейміз. Эндокринолог Екатерина Казачкова шұжық өнімдерін күнделікті тұтынудың қаупі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru-ға" сілтеме жасап.
Шұжық өнімдерінің құрамында натрий (тұз) мөлшері өте көп. Тұздың артық болуы қан қысымының көтерілуіне, ал бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады.
Колбаса мен сосисканың құрамында консерванттар мен түрлі қоспалар болады. Бұл заттар ішек микрофлорасына кері әсер етіп, ағзаның жалпы жағдайын нашарлатуы мүмкін.
Өңделген ет өнімдерінде қаныққан май көп. Бұл "жаман" холестериннің деңгейін көтеріп, жүрек-қан тамырлары ауруларына себепші болуы мүмкін.
Ғалымдар өңделген ет пен кейбір қатерлі ісік түрлері арасындағы байланысты анықтады. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, күн сайын аз мөлшерде болса да шұжық тұтыну - тоқ ішек қатерлі ісігінің даму ықтималдығын арттыруы мүмкін.
Шұжық өнімдерінде пайдалы заттар аз, бірақ калория көп. Бұл салмақтың артуына, тері, шаш және тырнақ мәселелеріне әкеп соқтыруы мүмкін.
"Сонымен қатар шаруа қожалықтарында жануарларға гормондар мен антибиотиктер беріледі. Бұл заттар өңдеу кезінде жойылмайды, ал адам ағзасына түсіп, гормоналды теңгерімнің бұзылуына әкеп соқтырады"
Шұжық өнімдерінен толық бас тартудың қажеті жоқ, бірақ шұжық өнімдерін аптасына 1-2 рет қана тұтынуға тырысыңыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!