Күн сайын шұжық жесе, ағзада не болады? Дәрігер жауабы

Күн сайын шұжық жесе, ағзада не болады? Дәрігер жауабы
Фото: depositphotos.com

Көп адам таңғы асқа шұжық бутербродтарды жеуді ұнатады. Алайда бұл әдеттің денсаулыққа әсері туралы көбіміз ойлай бермейміз. Эндокринолог Екатерина Казачкова шұжық өнімдерін күнделікті тұтынудың қаупі туралы айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Газета.Ru-ға" сілтеме жасап.

Шұжық өнімдерінің денсаулыққа қандай зияны бар?

  • Жоғары қан қысымы мен жүрек аурулары;

Шұжық өнімдерінің құрамында натрий (тұз) мөлшері өте көп. Тұздың артық болуы қан қысымының көтерілуіне, ал бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттырады.

  • Асқазан-ішек жолдарының бұзылуы

Колбаса мен сосисканың құрамында консерванттар мен түрлі қоспалар болады. Бұл заттар ішек микрофлорасына кері әсер етіп, ағзаның жалпы жағдайын нашарлатуы мүмкін.

  • Холестериннің жоғарылауы

Өңделген ет өнімдерінде қаныққан май көп. Бұл "жаман" холестериннің деңгейін көтеріп, жүрек-қан тамырлары ауруларына себепші болуы мүмкін.

  • Қатерлі ісік қаупінің жоғарылауы

Ғалымдар өңделген ет пен кейбір қатерлі ісік түрлері арасындағы байланысты анықтады. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, күн сайын аз мөлшерде болса да шұжық тұтыну - тоқ ішек қатерлі ісігінің даму ықтималдығын арттыруы мүмкін.

  • Зат алмасу мен гормоналды теңгерімнің бұзылуы

Шұжық өнімдерінде пайдалы заттар аз, бірақ калория көп. Бұл салмақтың артуына, тері, шаш және тырнақ мәселелеріне әкеп соқтыруы мүмкін.

"Сонымен қатар шаруа қожалықтарында жануарларға гормондар мен антибиотиктер беріледі. Бұл заттар өңдеу кезінде жойылмайды, ал адам ағзасына түсіп, гормоналды теңгерімнің бұзылуына әкеп соқтырады"

Не істеу керек?

Шұжық өнімдерінен толық бас тартудың қажеті жоқ, бірақ шұжық өнімдерін аптасына 1-2 рет қана тұтынуға тырысыңыз.

Өнімді алмастырудың жолдары:

  • Қайнатылған тауық еті немесе пісірілген күркетауық - ақуызға бай, ал тұзы мен майы аз.
  • Көкөніс пасталары немесе хумус - пайдалы және дәмді таңдау.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Бақдаулет
Logotype Massaget