- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күн сайын магний...
Күн сайын магний ішсеңіз, не болады? Дәрігер жауабы
Фото:
pixabay.com
Невролог Ұлжалғас Сманова өзінің инстаграм парақшасында күнделікті магний ішудің пайдасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігер Ұлжалғас Сманованың айтуынша, күн сайын магний ішудің мынадай пайдасы бар:
- Ұйқыңыз дұрысталады. Ұйқыңыз қанық, бойыңыз сергек жүреді;
- Көзіңіздің тартуы тоқтайды;
- Аяқтың, сіңірдің құрысуы тоқтайды;
- Іш қату болмайды;
- Иммундық жүйе қатаяды;
- Сүйектің беріктігі артады;
- Бастың ауыруы азаяды;
- Бауыр магнийдің арқасында ағзаңыз үшін күніне 300-ден аса түрлі фермент бөледі;
- Уайымнан, қорқыныштан арыласыз.
"Таң атпастан асқазанға ауыр асты тастап жібермей, жылы су ішіңіз, жаттығу жасап, бойға қан жүгіртіңіз. Пайдалы мәзірмен тамақтаныңыз. Жиі анализ тапсырып, жағдайыңызды біліңіз", - деп кеңес берді Ұлжалғас Сманова.
Ескерту: Магний ішпестен бұрын міндетті түрде дәрігерге қаралып, анализ тапсырыңыз. Өздігінен емделу қауіпті.
Магний қандай өнімдерде бар? Мына жерден оқыңыз.
А. Жапатова