- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күн сайын 100-150...
Күн сайын 100-150 қазақстандық банкрот деп танылады - Қаржы министрлігі
Қаржы вице-министрі Ержан Бижанов азаматтарды банкрот деп тану рәсімі туралы айтты. Шенеуніктің айтуынша, Қазақстанда бұл мәртебені күн сайын 100-150 адам алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Заңнамаға сәйкес тексеру іс-шараларын жүргізуге жарты жылдық кезең қарастырылды. Яғни, біз наурызда өтінішті қабылдап, дереу банкроттық туралы шешім шығара алмайтын едік. Қыркүйекте бұл кезең аяқталып, банкроттық рәсім басталды. Кеше 377-ден аса адам бонкрот деп жарияланды. Күн сайын 100-150 адам қосылады, яғни олар қазірдің өзінде жұмыста бар", - деді Біржанов.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде елде 10 мыңнан аса әлеуетті банкрот бар. Бұл өтініш берген және алдын ала тексеруден өткен адамдар.
"Жалпы, соттан тыс банкроттыққа 65 мың Қазақстан азаматы өтініш берген", - деп нақтылады шенеунік.
Еске салайық, бұған дейін банкрот деп жарияланған алғашқы 300 қазақстандықтың тізімі жарияланған еді. Бұл азаматтар соттан тыс банкроттық рәсімінің аяқталып, 1414 нөмірі бойынша sms-хабарлама арқылы банкрот деп танылғаны туралы хабарлама алды. Барлық мәлімет eGov сайтында орналастырылған.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә