"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде – 28, 29 және 30 маусымда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
28 маусымда күн бұлтты, өткінші жаңбыр жауады, күн күркіреп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батысқа қарай ауысатын оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.
29 маусымда күн бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус, күндіз 26-28 градус жылы болады.
30 маусымда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батыс бағытына ауысады, жылдамдығы секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 градус, күндіз 23-25 градус жылы болады.
28 маусымда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 33-35 градусқа дейін аптап ыстық болады.
29 маусымда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы – секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 23-25 градус жылы, күндіз 35-37 градусқа дейін аптап ыстық болады.
30 маусымда күн бұлтты, күндіз жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 3-8, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 21-23 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!