Күн райы күрт бұзыла ма? “Қазгидромет“ алдағы 3 күнге болжам жасады

Күн райы күрт бұзыла ма? “Қазгидромет“ алдағы 3 күнге болжам жасады
Фото: Tengrinews.kz

"Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған күн райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, 27-29 қазан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз әрі салыстырмалы түрде жылы ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Massaget.kz.

Астана мен Алматыда жауын-шашын болжанбайды. Күндіз ауа температурасы тиісінше +10 және +14 градусқа дейін көтеріледі.

«Түнгі уақытта еліміздің барлық дерлік өңірінде ауа температурасы нөлден төмендегенімен, күндіз солтүстік пен шығыста +5…+10 градусқа, батыста +15…+20 градусқа, ал республиканың оңтүстігінде +12…+17 градусқа дейін жылынады», – делінген хабарламада.

Астанадағы ауа райы

27 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік бағыттан соғатын желдің жылдамдығы секундына 2–7 метр болады. Ауа температурасы түнде –1…–3 градус, күндіз +8…+10 градус шамасында болады.

28 қазанда да көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Батыстан және солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде –1…–3 градус, күндіз +8…+10 градус болады.

29 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Батыстан және солтүстік-батыстан секундына 5–10 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде –1…–3 градус, күндіз +6…+8 градус болады.

Алматыдағы ауа райы

27 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Түнде 1–3 градус үсік жүріп, күндіз ауа температурасы +11…+13 градусқа дейін көтеріледі.

28 және 29 қазанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр болады. Ауа температурасы түнде 0…+2 градус, күндіз +12…+14 градус шамасында болады.

О. Сансызбай
Logotype Massaget