Күн қайтадан күрт суытады

Күн қайтадан күрт суытады
Фото: depositphotos.com

Қазгидромет 17, 18 және 19 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қай өңірлерде жаңбыр жауады?

Атмосфералық фронттар өтуіне байланысты республика бойынша жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ та жаууы мүмкін, екпінді жел соғып, дауыл тұрады. Тек 17-18 мамырда Батыс Қазақстан, 17 мамырда Қарағанды, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы болады.

17 мамырда Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, 17-18 мамырда Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 18 мамырда Ұлытау, Түркістан облыстарында, 18-19 мамырда Павлодар, Қарағанды, Алматы, Жетісу облыстарында, 19 мамырда Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай, Жамбыл облыстарында қатты жаңбыр мен бұршақ жауады.

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. 17-18 мамырда батыс және солтүстік өңірлерде тұман түсуі ықтимал.

Ауа температурасы

  • Батыс Қазақстанда күндіз +23...+32;
  • Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы +7...+15-тен +3...+10 градусқа дейін төмендейді, күндіз +15...+22-ден +18...+28 градусқа дейін көтеріледі;
  • Солтүстікте түнде +15...+20-дан +5...+10-ға дейін төмендеп, күндіз +26...+31 болса, ал аймақтың солтүстігінде +16...+21-ден +10...+15-ке дейін төмендейді, 19 мамырдан бастап +17...+25-ке дейін көтеріледі;
  • Орталықта түнде +15...+22-ден +5...+13-ке дейін төмендейді, 17 мамырда күндіз қатты ыстық болады: +32...+37, аймақтың оңтүстігінде қатты ыстық болады: +40, 18 мамырдан бастап ауа температурасы күрт төмендеп, +15...+20 болады;
  • Шығыста түнде +15...+22, 17-18 мамырда +32...+37 қатты ыстық, аймақтың оңтүстігінде +40 дейін қатты ыстық болса, 19 мамырда күрт төмендеп +13...+18 болады;
  • Оңтүстікте түнде +18...+23-тен +10...+15-ке дейін төмендейді, 17 мамырда күндіз қатты ыстық болады: +35...+43, ал 18 мамырдан бастап +20...+28-ге дейін төмендейді;
  • Оңтүстік-шығыста 17 мамырда күндіз қатты ыстық  болады: +32...+37, аймақтың оңтүстігінде қатты ыстық: +40. 18 мамырдан бастап +20...+25-ке дейін төмендейді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget