"Қазгидромет" жексенбі, 6 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанның көп қаласында жауын-шашынсыз, күн жылы болады. Сонымен қатар, синоптиктер кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауатынын, шаңды дауыл тұрып, екпінді жел соғатынын болжайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 13-15 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Алматы- күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Шымкент - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.
Түркістан - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 8-13 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 32-34 градусқа дейін ыстық болады.
Қонаев - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы.
Қызылорда - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз, күндіз шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 7-12 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 31-33 градусқа дейін ыстық болады.
Тараз - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Ақтау - күн құбылмалы болады, түнде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел солтүстік-батыстан секундына 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 17-19 градус жылы, күндіз 27-29 градус жылы болады.
Атырау - бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан түнде секундына 2-7 метр, күндіз 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 16-18 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.
Орал - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен секундына 9-14 метр, күндіз екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Ақтөбе- күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан секундына 2-7 метр, күндіз екпіні 15 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.
Қарағанды - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 8-10 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Жезқазған - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан, солтүстік-шығыстан түнде секундына 1-6 метр, күндіз 6-11 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Қостанай - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 30-32 градусқа дейін ыстық болады.
Көкшетау - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел шығыстан соғады, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, түнде секундына 5-10 метр, күндіз 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 12-14 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Петропавл - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан түнде секундына 5-10 метр, күндіз 9-14 метр, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде 11-13 градус жылы, күндіз 28-30 градус жылы болады.
Павлодар - күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 9-11 градус жылы, күндіз 26-28 градус жылы болады.
Семей - бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан түнде секундына 1-6 метр, күндіз 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 25-27 градус жылы болады.
Өскемен - бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан түнде секундына 1-6 метр, күндіз 5-10 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде 4-6 градус жылы, күндіз 23-25 градус жылы болады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!