- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күн жылына ма?...
Күн жылына ма?
Синоптиктер 30 қаңтар-1 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты. Олардың мәліметінше, жақында елімізде күн жылынады.
"Алтайда орналасқан суық және күшті антициклон әдеттегідей Қазақстанның ауа райының өзгеруін анықтайды. Сондықтан республиканың көптеген облыстарында демалыс күндері ауа температурасы нормадан 8-15 градусқа дейін, ал оңтүстікте және оңтүстік-шығысында 17...22 градусқа дейін төмендеді. Бірақ қатты аяз бәсеңдеп, 29 қаңтарда республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасы - 20..27 градус аралығында болды", - дейді мамандар.
Сондай-ақ, алдағы үш тәулікте Атлантика мен Қара теңізден жылжыған жылы және ылғалды ауа массаларының әсерінен температураның көтерілуі тек батыс және солтүстік аймақтарда ғана емес, Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарында да күтілетіні айтылады.
Дереккөз: tengrinews.kz
Е. Жұмабайұлы