Күн жылиды: бүгін ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 1 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елдің солтүстігі мен орталығында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыста да көшпелі бұлтты, кей жерлерде қар, жаңбыр және көктайғақ болады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста да көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр, қар жаууы мүмкін, таңертең тұман түсуі ықтимал.

Астана - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 15–17 градус аяз, күндіз 3–5 градус аяз.

Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылы.

Шымкент - көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Ауа температурасы түнде 1–3 градус жылы, күндіз 11–13 градус жылы.

Түркістан - көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жауын-шашын (негізінен жаңбыр). Ауа температурасы түнде 1–3 градус жылы, күндіз 7–9 градус жылы.

Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 4–6 градус аяз, күндіз 2–4 градус жылы.

Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 7–9 градус аяз, күндіз 2–4 градус жылы.

Қызылорда - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 2–4 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылы.

Тараз - көшпелі бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Ауа температурасы түнде 0–2 градус аяз, күндіз 6–8 градус жылы.

Ақтау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 0–2 градус жылы, күндіз 5–7 градус жылы.

Атырау - көшпелі бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Ауа температурасы түнде 3–5 градус аяз, күндіз 0–2 градус аяз.

Орал - көшпелі бұлтты, қар, бұрқасын, көктайғақ. Ауа температурасы түнде 6–8 градус аяз, күндіз 2–4 градус аяз.

Ақтөбе - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде 11–13 градус аяз, күндіз 6–8 градус аяз.

Қарағанды - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 13–15 градус аяз, күндіз 5–7 градус аяз.

Жезқазған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 10–12 градус аяз, күндіз 5–7 градус аяз.

Қостанай - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 8–10 градус аяз, күндіз 6–8 градус аяз.

Көкшетау - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 17–19 градус аяз, күндіз 8–10 градус аяз.

Петропавл - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 10–12 градус аяз, күндіз 7–9 градус аяз.

Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 21–23 градус аяз, күндіз 10–12 градус аяз.

Семей - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 13–15 градус аяз, күндіз 3–5 градус аяз.

Өскемен - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде 14–16 градус аяз, күндіз 3–5 градус аяз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз