Ағзаны энергетикалық сусындарсыз да қуаттандыруға болады. Күні бойы сергек жүру үшін не істеу керек? Толығырақ Massaget.kz-те.
Жаттығу жасау - кофеинсіз ағзаны қуаттандырудың өте тиімді әдісі. Жаттығу жасауға немесе тіпті жылдам жүру арқылы серуендеуге болады. Жаттығу жасушаларды энергиямен қамтамасыз етеді. Ол сондай-ақ эндорфиндердің және зейін қоюды арттыратын норадреналин деп аталатын химиялық заттың бөлінуіне ықпал етеді.
Дұрыс тамақтану сіздің энергия деңгейіңіздің күні бойы тұрақты болып сақталуына көмектеседі. Қант баяу сіңетін гликемиялық индексі төмен тағамдар, әдетте, тез сіңетін қанттарды немесе тазартылған крахмалды жегеннен кейін пайда болатын энергияның сақталуын болдырмауға көмектеседі. Гликемиялық индексі төмен тағамдарға дәнді дақылдар, талшықтары жоғары көкөністер, жаңғақтар және зәйтүн майы сияқты пайдалы майлар кіреді. Ал көмірсуларға бай тағамдардың гликемиялық индексі жоғары болып келеді. Ақуыздар мен майлардың гликемиялық индексі нөлге жақын.
Пайдалы тіскебасарлар арқылы энергия деңгейіңізді тұрақты етіп ұстай аласыз. Кофенің орнына жемістер, жаңғақтар немесе грек йогурты сияқты пайдалы тағамдар жеуге тырысыңыз.
Су шаршаумен күресуге көмектеседі. Егер ағзаңызға сұйықтық жетіспесе, ұйқышылдық пен шаршаңқылық сезімі пайда болады. Сондықтан суды жеткілікті мөлшерде ішу маңызды.
Сапалы ұйқы кофеинсіз сергек жүруге көмектеседі. Көбірек қуат алу үшін жеткілікті ұйықтау керек.
Алкоголь ішу энергия деңгейіне теріс әсер етеді. Үнемі сергек жүру үшін мұндай сусындардан аулақ болыңыз.
Тыныс алу жаттығулары энергияны арттыруға көмектеседі. "Екі есе тыныс алу" әдісі симпатикалық жүйке жүйесін қоздырады. Ол үшін жылдам қысқа тыныс алып, ұзақ тыныс шығару керек. Мұны алдымен мұрын арқылы, содан соң ауызбен істеңіз. Қысқа үзілістер жасап, бес рет қайталаңыз.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!