Көпшілік адам күнінің көп бөлігін отырып өткізеді. Мұндай жұмыс күнінен соң біраз жаяу жүруге, жаттығу залына баруға уақыт табуға және демалыс күндерді белсенді өткізуге тырысу керек. Алайда адамдардың көпшілігі алдымен жұмыста, содан соң қоғамдық көлікте немесе көлікте, одан кейін үйге келгесін диванда отырады. Физикалық жүктеме болмаған соң шаршағандығыңыз кетпейді, оған қоса ағза қатты қиналады. Дәрігерлердің айтуынша, ең алдымен жүрек зардап шегеді.
Лондон университеттік колледжінің ғалымдары күні бойы отыратын және арасында сергуге уақыт табатын адамдарды салыстырып, зерттеу жүргізеді. Денсаулық көрсеткіші жақсару үшін бір апта уақыт та жеткілікті екені анықталған. Мысалы, зерттеуге қатысқан бір әйел өз жүрегіне көмектесіп қана қоймай, сондай-ақ арықтаған. Ол 30 минут отыруды түрлі қиындықтағы физикалық жаттығуларға алмастырды.
Ал басқа зерттеуде ғалымдар күніне 12 сағаттан артық отыратын адамдар күнде физикалық жаттығуға ең болмағанда 22 минут уақыт бөлмесе, оларда өлім қаупі 38%-ға жоғары болатынын анықтаған.
Адам күнде бірнеше сағат қатарынан отырған кезде ағзада нақты физиологиялық процестер болады:
Ағзаңызға көмектесу үшін тепе-теңдік сақтауға тырысыңыз: әр сағат сайын орныңыздан тұрып, ең болмағанда 2-3 минут қозғалыңыз. Денсаулыққа қатысты проблемалардың туындау қаупін азайту үшін қаншалықты көп отырсаңыз, соншалықты көп қозғалуыңыз керек.