Стэнфорд университетінің инженерлері «MicroTugs» деген атауға ие кіші көлемді роботтар жасады. Олар өзінен 100 есе ауыр жүкті көтере алатын қабілетке ие. Ғалымдар бұл құмырсқалардың темір прототипі екенін айтады.
Роботтардың салмағы 12 грамм болғанымен, өзінен 2000 есе ауыр затты орнынан жылжыта алады. Стэнфорд университетінің роботтық технология зертханасының инженері Дэвид Кристенсен мұны адамның әлемдегі үлкен көк китті тартуымен тең екенін айтады.
Кейбір роботтар небары 9 грамм болып, бір келіге дейін затты вертикальді бағытта көтеруге қуаты жетеді. Бұл адамның пілді қабырғамен алып жүруімен тең деген сөз. Ал ең кішкентай роботтар (25 мг) микроскоптың көмегімен құрастырылып, өзінен 25 есе ауыр затқа күші жетеді.
Жаңа роботтардың техникалық мүмкіндігі қырықбуындар мен келестердің концептінен алынған. Мысалы, келестің аяқтарындағы орталыққа бағытталған күштің тартылу механизмі роботтарда да көрініс табады. Олар қысым түскен сайын күрделі үдеріске ене алады. Ал оның қозғалу үлгісі қырықбуынның табиғи концепті болып табылады. Айта кетсек, денесінің бір бөлігі қозғалып жатқан кезде, екінші бөлігі орнында тұрады. Бұл роботтардың вертикальді бағытта қозғалуына мүмкіндік жасайды.
Ұқсас жазбалар:
Бармағынан бал тамған аспаз-робот
Жапондар оқушыдан да "ақылды" робот жасап шықты