- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құмда аң атқан...
Құмда аң атқан тұрғын ұсталды
Қарақұйрық атқан жамбылдық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Байзақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерi "Сапсан" жедел қызметi инспекторларымен бiрлесiп, құмды аумақта заңсыз аң аулап жүрген адамды анықтады. Тексеріс барысында қарақұйрық жануарының өлекселері және 12 калибрлі аңшы мылтығы табылды. Мылтықтың тiркеу нөмiрi өшiрiлген.
"Осы дерек бойынша жақын маңдағы шаруа қожалығының 31 жастағы малшысы әшкереленді. Ол жануарды азық ретінде пайдалану үшін атып алғанын айтты. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Заңсыз аңшылық" бабымен соталды тергеп-тексеру амалдары басталды. Қажет сараптамалар тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова