“Құмар ойынға жұмсаған“. Келні енесінің алтындарын қолды қылған

“Құмар ойынға жұмсаған“. Келні енесінің алтындарын қолды қылған
Фото: Polisia.kz

Түркістанда полицейлер 8,5 миллион теңге шығын келтірген ұрлықтың бетін ашты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жергілікті тұрғын  өз үйінен алтын бұйымдары мен қаражатының ұрланып жатқанын хабарлаған. Арыз түсе салысымен тәжірибелі жедел уәкілдерден арнайы топ құрылып, барлық қажетті іс-шара жедел түрде жүзеге асырылды.

"Жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында күдікті ретінде жәбірленушінің келіні анықталды. Ол биыл мамырдан бері үйден түрлі мөлшердегі алтын әшекейлер мен қолма-қол ақшаны жасырын түрде ұрлап келген", - делінген хабарламада. 

Жәбірленушіге келтірілген жалпы материалдық шығын 8 500 000 теңге болды. Күдікті ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны түгелдей құмар ойындарына жұмсаған. Қазір бұл дерек бойынша сотқалды тергеу жүргізіліп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz
Logotype Massaget