- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құмар ойын саласындағы...
Құмар ойын саласындағы қызмет азайған
Биыл қаңтар–қыркүйекте құмар ойындар мен бәс тігулерді ұйымдастыру қызметінің көлемі 285,1 миллиард теңге, бұл 2022 жылдың қаңтар–қыркүйегімен салыстырғанда ақшалай түрде бірден 37,5 пайыз аз (ФКИ - бар болғаны 53,9 пайыз, бұл нақты мәнде бір жылда 46,1 пайыз қысқарғанын көрсетеді), - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ranking.kz сайтына сілтеме жасап.
Саладағы қызметтің басым бөлігін шағын кәсіпорындар (179,3 миллиард теңге), одан кейін орта (83,7 миллиард теңге) және ірі (22,1 миллиард теңге) кәсіпорындар көрсетті. Меншік нысаны бойынша қызметтердің басым бөлігін шетелдік компаниялар көрсеткен: 186,8 миллиард теңге. Қалған 98,2 миллиард теңге қазақстандық жеке кәсіпорындардан түскен.
Салыстыру үшін: былтыр осы кезеңде құмар ойындар мен бәс тігулерді ұйымдастыру қызметінің көлемі 456,2 миллиард теңгеге жетіп, бір жылда 8,5 есе өскен.
Өңірлер бойынша қолданыстағы заңдарды ескере отырып, құмар ойындар мен бәс тігулерді ұйымдастыру қызметі негізінен екі өңірге тиесілі болды.
Саладағы барлық қызметтердің 87,1 пайыз Алматы облысында көрсетілген: 248,5 миллиард теңге - былтырғыдан ақшалай 42,3 пайыз аз. Тағы 12,8 пайыз Ақмола облысына тиесілі: 36,6 миллиард теңге, бір жылда 44 пайыз көбейген.
Барлық қалған өңірлерде көрсетілген қызмет 0,02 пайыз ғана.
Биыл қаңтар–шілде қорытындысы бойынша құмар ойындар мен бәс тігулерді ұйымдастыру секторында негізгі капиталға салынған инвестиция небәрі 386,5 миллион теңге. Алайда, бұл былтырғыдан 33,2 пайыз көп.
Оның 381 миллион теңгесі Алматы облысына, 5,4 миллион теңгесі ғана Ақмола облысына тиесілі.
Қазақстанда 350 мың адам құмар ойынға тәуелділіктен зардап шегеді, деп хабарлайды Хабар24. Бұл көрсеткішті мәжіліс депутаттары мәлімдеді. Құмар ойындарға тәуелділердің жыл сайын көбейіп келеді. Мамандардың айтуынша, алғашқы бәс тігулер мектептен басталады. Барлығы онлайн режимінде қолжетімді.
Елдегі құмар ойындарға тәуелділікпен күресу үшін заңнаманы қатайту жоспарланған, бірақ бұл онлайн-казинолармен күресуге көмектесе ме және елде бар бірнеше бақыланатын казинолар сұр аймаққа ығыстырыла ма, белгісіз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина