"Күмәніңіз болмасын". Ерке Есмахан сенімсіздік танытқан тыңдарманына жауап берді

"Күмәніңіз болмасын". Ерке Есмахан сенімсіздік танытқан тыңдарманына жауап берді
Фото: instagram.com/erke_esmahan/

Танымал әнші Ерке Есмахан оқырманының "неге шынайы сөйлемейсіз" деген сынына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ерке Есмахан соңғы кездері әлеуметтік желіде сұрақ-жауап айдарын жиі жүргізіп жүр. Жақында бір оқырманы әншіден: "Инстаға баспен шығып шынайы әңгіме айтып, жұрттар сияқты неге сөйлемейсіз?" деп сұрады. 

"Менің басымнан жалықпадыңыздар ма? Жұрттар сияқты отырып алып сөйлейтін көп әңгімем жоқ. Ал парақшамда барлығы шынайы. Оған күмәніңіз болмасын", - деп жауап берген бұл сауалға Ерке Есмахан. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева