Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешованың 30 жыл бұрынғы видеосы жұртты тәнті етті

Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешованың 30 жыл бұрынғы видеосы жұртты тәнті етті

Желіде ғашықтар символына айналған "Қыз Жібек" фильмінің түсірілімінен кейін шаңырақ көтерген Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешованың отбасылық видеосы тарады. Видео Instagram-тағы zhibektas-парақшасында жарияланған, - деп хабарлайды Экспресс К. 

Видео 1990 жылы түсірілген. Онда Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова және қызы Жібектің отбасылық басқосуда отырғаны байқалады. Ғаламторда сирек кездесетін бейнекадрларды жұлдызды жұптың үлкен қызы өзінің жеке парақшасына жүктеген.

Видеода Құман Тастанбеков сырнай тартып отыр. Музыкалық шығарманы нақышына келтіре орындаған талантты актердің шеберлігіне желі қолданушылары ерекше тәнті болған.

"Құман Нұрмағанұлы Тастанбеков пен Меруерт Қаратайқызы Өтекешова, 1990 жыл", - делінген видео жазбасында. 

"Құман аға қандай өнерлі артист", "Керемет естелік", "Қандай керемет кездер, шіркін", "Неткен сұлу, неткен көркем", - деп жазған видеоға пікір білдірушілер.

С. Бөлек