- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Құмалақпен айтатын білгіш...
"Құмалақпен айтатын білгіш емеспін". Мэлс Елеусізов 12 балдық жер сілкінісі туралы
Саясаткер, эколог Мэлс Елеусізов ASSYLTAS YouTube-арнасына берген сұхбатында Алматыда болған жер сілкінісі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Экологтың айтуынша, бір кездері Алматыда 3 және 5 қабаттық үйлерге ғана рұқсат берілген.
"Бізді Жаратылыс сақтады. Бұдан қатты болса, көп қырғын болатын еді. Алматы өте соған лайықты болып тұр қазір. Салынған үйлердің сапасы жоқ. Пайдаланылған материалдарды қолданған. Ташкентскийдің бойында арырақ тұрған үйлерде адамдар ішіне кірген жоқ, құлап бара жатыр. Ешқандай зерттеу жоқ. Қазір кішкентай бос жер болса міндетті түрде үй салады. Кеңес одағы кезінде ондай болған жоқ. Алдымен бізде 3 қабат болатын. Одан кейін беске дейін көтерді. Салған үйлердің арасы кең болатын. Қазір халық шыға алмайды. Осындай кезде осындай құрылыс халықты қыру үшін жасалған. Алматыны толтырудың қандай қажеті болды?! Кеңес одағы кезінде Ғылым академиясы зерттеу жасаған. Сонда олар "экологиялық сыйымдылық 700 мың ғана болуы керек" деді. Ал қазір шамамен 3 миллион", - дейді Елеусізов.
Мэлс Елеусізов Тәуелсіздік жылдарынан бері мұндай жер сілкінісі болмағанын айтады.
"Болған жоқ (соңғы жылдары жер сілкінісі - еск.). Енді қазір одан әрі болуға мүмкіншілігі бар. Бұрын алыста кішкентай жер сілкіністері болатын. Қазір жақындап келе жатыр. Қирай бастайды (6-7 балл кезінде - еск.)", - дейді ол.
Сонымен қатар, "12 балдық жер сілкінісі болады" деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.
"Қайта жақсы болды, одан жоғары болса, өте жаман болатын еді. Оның бәрі белгілі зат қой. Мен өзім тауып отырған жоқпын. Құмалақпен айтатын білгіш емеспін. Бізде үш рет болды. 1887 жылы, 1911, 1921. Үшеуі де қатты болды. Ағаштан жасалған кішкентай-кішкентай үйлер ғой - бәрі қирап қалды. Панфиловтағы шіркеу ғана сақталды. 100 жыл сайын қайталап келіп тұр. Уақытынан асып кетті (қазір - еск.)", - дейді ол.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова