Құлықтың түсі денсаулығыңыздан хабар береді

Құлықтың түсі денсаулығыңыздан хабар береді
Фото: ru.freepik.com

Құлақ, соның ішінде құлық адам денсаулығы жайлы хабар бере алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Daily Express"-ке сілтеме жасап.

Құлық жайлы не білу керек?

Құлақ қуысына құлық жиналуының алдын алу мүмкін емес. Құлық құлақты ластықтан, микробтан және инфекциядан қорғайды. Кейде біздің құлағымыз өте көп құлық бөлуі мүмкін. Сондықтан естумен проблема туындамас үшін оны тазарту керек болуы мүмкін. 

Құлықтың түсі қандай болуы керек?

Көпшілік адамның құлығының түсі - сары немесе қоңыр. Әдетте ол ылғал және жабысқақ болады. Бұл қалыпты. Алайда құлық құлақтағы нақты өзгерістерге қарай өз түсін және текстурасын өзгертуі мүмкін.

Сізді құлықтың қандай түсі мазалауы керек?

Қою сары құлық әлі де сау түс, алайда ол оның құлақта ұзақ тұрып қалғанын білдіреді.

Қара құлық бір қарағанда үрей тудыруы мүмкін, алайда бұл табиғи жолмен тазартылмаған жиналып қалған құлықты білдіреді. Есту аппаратын қолданатын адамдар үшін қара құлық - қалыпты нәрсе.

Құлықтың қызарып кетуі құлақтағы қанды білдіруі мүмкін. Есту қуысында қан тамырлар өте көп. Бұл жай ғана сызат немесе инфекция болуы мүмкін. Егер құлағыңыздан қан байқасаңыз, дәрігерге көріну керек. 

Бәрінен де жасыл құлық сізді ойландыруы керек. Әсіресе одан жағымсыз иіс шығып тұрса, бұл әдетте ортаңғы құлақ инфекциясы болады. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова