- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Күлтөбенің басында күнде...
"Күлтөбенің басында күнде жиын, нәтиже жоқ". Танымал актер Үкіметке наразылығын білдірді
Танымал актер Еркебұлан Дайыров өңірлердегі төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Еркебұлан Дайыров елімізде түрлі жағдайларға қатысты ес білгелі ақша жинап келе жатқанын айтты. Бұл туралы өнер иесі Instagram-парақшасында бөлісті.
"Ес білгелі ақша жинап келе жатырмыз. Бұрын мектепте сыныптың жөндеу жұмысына болса, кейін ауылға спорт кешенін салуға, одан қалса ауылдан шыққан ардақты ақындармен, батырлардың тойына жинадық. Енді міне Аллаға шүкір, ауыл-аймақтан көтеріліп, мемілекеттік деңгейдегі іс-шараларға, яғни табиғи апаттармен т.б толып жатқан жағдаяттарға ат салысатын болдық. Кейде маған біздің халық, апанында жатып алып, өз жарасын өзі жалап жазатын, арып-ашыған көкбөріні елестетеді. Қасиетіңнен, кең жүрегіңнен айналайын, қайран халқым, қадіріңе жете алмай жатыр-ау. Ал үкімет ше? Күлтөбенің басында күнде жиын, нәтиже жоқ. Заңның түрі анау, мәдениет онсызда түсінікті. Амалсыз өткендегі мақал қайта оралды ойыма, "Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар" деген. Бәрі бір Аллаға аманат", - дейді ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек