Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғындары телефон арқылы бірыңғай байланыс орталығына хабарласу арқылы мәселелеріне жауап ала алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық жедел штаб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Колл-орталыққа тұрғындар су тасқынынан келтірілген залал үшін өтемақы бойынша кеңестер мен өзекті сұрақтар бойынша хабарласа алады.
"Колл-орталықтың операторлары 109 нөмірі бойынша үйді апатты деп тану, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезіндегі залалды өтеу тәртібі, сондай-ақ оларды қарау мерзімдері бойынша ақпаратты тәулік бойы ұсынады", - делінген хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!