Су тасқынынан кейін Құлсарыны құрғату жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Су кірген 20 үй құрғатылған.
"Ол үшін арнайы мотопомпалар мен жылжымалы су сорғылары пайдаланылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің әскери бөлімдері қаланы дезинфекциялауға жұмылдырылды. Апат салдарын жою шаралары Петропавл және Қызылжар қаласында да жүріп жатыр. Кейінгі тәулікте 184 үйден су бағыты бұрылды", - деп жазылған хабарламада.
Еске салайық, бұған дейін Құлсарыдағы су тасқынына қатысты 800-ден аса үй тексерістен өткені хабарланды.
Тұрғындардан 2733 өтініш түскен. Жылыойда тасқыннан техникалық тексеріс және бағалау жұмыстарымен айналысуға 40-тан аса техникалық маман тартылған.
"26 сәуірден бастап бүгінге дейін 867 нысан техникалық тексерістен өтті, бұл жұмыстар 15 мамырға дейін аяқталады", - деп мәлімдеді жауаптылар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!