Құлсарыдағы жарылыс: қаза тапқандар кімдер екені белгілі болды

Құлсарыдағы жарылыс: қаза тапқандар кімдер екені белгілі болды
Фото: Instagram/@yspv.case

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы "Ниет" жанар-жағармай құю бекетінде жарылыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жергілікті Instagram парақшалардың мәліметінше, марқұмдар жанармай құю бекетінің қызметкерлері болған. Жарылыс кезінде олар ауысымда болған.

30 мамырда кешке 18:45 шамасында Атырау облысы Құлсары қаласындағы "Ниет" жанармай құю бекетінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша екі адам қайтыс болған.

Жарылысқа байланысты аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын бастады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget