Жылыой ауданы Құлсары қаласында су басқан үй саны 2680-ге жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ТЖМ күштері Жем өзені арнасынан асып, Құлсары қаласын су басуына байланысты 8150 қапқа құм толтырып, 2200 метр қорғаныс бөгеттерін бекітті.
ТЖМ баспасөз қызметі мәліметінше, 20 қоңырау түскен, 9 адам, оның ішінде 4 бала құтқарылған. 34 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 40 үй жануары эвакуацияланды.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы Құлсары қаласында су басқан үйді тексеруге кеткен екі ер адам өлі табылғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!