Құлсарыда тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр

Атырау облысындағы Құлсарыда тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар Құлсары тұрғындарына көмек көрсетіп жатыр.

"Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмек көрсетіп жатыр", - делінген хабарламада.

Осы уақытта Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланғаны айтылды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!