- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құлсарыда су тасқынынан...
Құлсарыда су тасқынынан зардап шеккендерге үй қашан беріледі?
Құлсарыда су тасқынынан кейін салынатын үйлердің құрылысы күзде аяқталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазір құрылыс компаниялары 80 үйдің іргетасын қалауға дайындықты бастаған. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штаб өкілдері мәлімдеді.
Құлсары қаласының "Болашақ" шағынауданындағы алғашқы 80 үй "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қаражаты есебінен салынады.
Атырау облысының құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың айтуынша, бүгінде топырақты тегістеу жұмыстарына үш мердігер ұйымның 20 арнайы техникасы мен 30 жұмысшысы жұмылдырылған.
"Қазір іргетас құрылысымен қатар, жаңа шағынауданға жол инфрақұрылымын салу жұмыстары басталды. Қалған инженерлік коммуникациялар жүргізіліп тұр", - деді Нұрберген Құсайынов.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова