- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құлсарыда су тасқынынан...
Құлсарыда су тасқынынан кейін жағдай біртіндеп қалпына келе бастады - ТЖД
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өкілдері Құлсары қаласындағы жағдай су тасқынынан кейін біртіндеп қалпына келе бастағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қалалық азық-түлік дүкендері мен супермаркеттер, сондай-ақ, қоғамдық көліктер өз қызметін қайта бастаған.
Екі күн ішінде автобустар жолаушыларға өз қызметтерін тегін көрсетеді. Қаланың барлық жерінде коммуналдық инфрақұрылым іске қосылып жатыр.
Сонымен қатар, құзырлы органдар су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр.
"Қазір жедел штаб су тасқыны кезінде су басқан аумақтарды құрғатумен айналысады. Заң бойынша табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан азаматтарға келтірілген шығынды өтеу мақсатында арнайы комиссия құрылады", - деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.
Жем өзені өз арнасына түсе бастаған.
Еске салайық, бұған дейін де Құлсарыда тасқынның беті қайтып, тұрғындар үйіне оралып жатқаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова