- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құлсарыда су деңгейі...
Құлсарыда су деңгейі төмендеді
Фото:
Massaget.kz/Nurzhan Rysbekov
Құлсарыда су деңгейі төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Су басқан тұрғын үйлерден су айдау жұмыстары жалғасып жатыр. Су тасқыны басталған сәттен Атырау облысының Жылыой ауданында 250 000 текше метрден аса су сорылды.
"Жем өзеніндегі су деңгейі тәулігіне 11 сантиметрге төмендеді. 2748 тұрғын үй және әкімшілік нысан су басқан аумақта қалып отыр. Барлық қызмет күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", - деп жазылған ҚР ТЖМ хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін Құлсары тұрғындары Маңғыстау облысына эвакуацияланғаны хабарланды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова