Құлсары қаласында полицейлер 5-қабаттың балконында қалған балаларды құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түнде аумақты патрульдеу барысында учаскелік полиция инспекторлары жоғары қабаттан жылаған балалардың дауысын естіген.
Анықтау барысында балалардың 5-қабаттағы балконда жалғыз қалғандары белгілі болды.
Полицейлер көпқабатты үйдің сыртқы жабынын жөндеуге арналған баспалдақтар арқылы пәтерге өткен. Өзге әріптестері жанама баспалдақтың құлап кетпеуі үшін ұстап тұрған.
Полиция капитаны Дархан Ажигулов 4 және 6 жастағы бүлдіршіндерді қауіпсіз жерге шығарды. Балалардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз