- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құлсарыда жұқпалы аурулар...
Құлсарыда жұқпалы аурулар тіркелген жоқ
Атырау облысы әкімінің орынбасары Мұрат Мурзиев Құлсарыда жұқпалы аурулар тіркелмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.
"Қазір түрлі вирустарды анықтауға зертханалық зерттеулер жүргізу үшін тасқын судан барлығы 143 сынама алынды. Оның ішінде 130 сынама теріс нәтиже берді, мамандар 13 сынаманы зерттеп жатыр", - деді Мұрат Мурзиев.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы өкілдері Құлсары қаласында тасқын судан сынамалар күнделікті алынатынын айтты.
Еске салайық, бұған дейін Құлсарыда су тасқынынан кейін 800-ден аса үй тексерістен өткені хабарланды.
Тұрғындардан 2733 өтініш түскен. Жылыойда тасқыннан техникалық тексеріс және бағалау жұмыстарымен айналысуға 40-тан аса техникалық маман тартылған.
"26 сәуірден бастап бүгінге дейін 867 нысан техникалық тексерістен өтті, бұл жұмыстар 15 мамырға дейін аяқталады", - деп мәлімдеді жауаптылар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова