Атырау облысында полицейлер жоғалған ер адамды дронның көмегімен тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жылыой ауданының полициясына 49 жастағы ер адам Қарағай ауылынан Құлсарыға қайықпен шығып, хабар-ошарсыз кеткені туралы ақпарат түскен.
"Бүгін таңертең Қарағай елді мекенінен 10 шақырым жерде су тасқынынан пайда болған аралдан полиция қызметкерлері дронның көмегімен 49 жастағы ер адамды тапты", - деп жазылған хабарламада.
Ер адамның жағдайы тұрақты, туыстарының жанында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!