- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құлсары тұрғындарына су...
Құлсары тұрғындарына су тасқынынан келтірілген залал қалай өтеледі?
Құлсары тұрғындарына су тасқынынан келтірілген залал қалай өтелетіні айтылды. Қалада 3 мыңға жуық үй бүлінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.
Жергілікті әкімдік мәліметінше, бүгінгі таңда 2700 үй тексерістен өткен. Жүздеген ғимаратқа техникалық қорытынды шығарылған.
Залал екі бағыт бойынша өтеледі. Үй тұруға жарамды деп танылса, иелеріне оны жөндеуге қаражат бөлінеді. Жоғалған мүлік үшін де өтемақы төленеді. Үйі апатқа төтеп бере алмағандарға және үйі апат жағдайында деп танылғандарға Құлсарыда немесе өңірдің басқа елді мекеніндерінде жаңа баспана беріледі.
"Тұрғын қорытындымен келіссе, екі жұмыс күні ішінде келіп өтініш беру керек. Осы арқылы әкімдік жөндеуге қаражат аударады. Ал тұруға жарамсыз жерде жаңа үй салу немесе басқа тұрғын үй беру мәселесі қаралады", - деді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.
Еске салайық, бұған дейін Атырау облысы әкімінің орынбасары Мұрат Мурзиев Құлсарыда жұқпалы аурулар тіркелмегенін мәлімдеді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова