Құлсары қаласын су басып жатыр

Құлсары қаласын су басып жатыр

Атырау облысындағы Құлсары қаласын су басып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта тұрғындарды шұғыл эвакуациялау жүріп жатыр.

4 сәуір күнгі ақпарат бойынша, Жылыой ауданында қауіпті аймақтардан 200 тұрғын эвакуацияланған.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, "Доссор-Құлсары", "Атырау - Құлсары" тас жолын су алып кетті.
Арнайы 14 эвакуациялық пункт белгіленді. 20 мектепте сабақ онлайн форматқа ауыстырылған. Одан бөлек, бүгіннен бастап "Құлсары-Атырау" бағытында тегін жолаушылар тасымалы пойызы жолға шықты. Төтенше жағдайға байланысты бұл мақсатқа 5 вагон бөлінді.

Баян Жанұзақова

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Massaget.kz