Әлеуметтік желіде құлпынайды содамен жуған соң, одан құрт шығып жатқаны бейнеленген видео тарады. Factcheck.kg видеоның қаншалық шынайы екенін және оның қаншалық қауіпті екенін тексеріп көрді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ұлттық азық-түлік және ауыл шаруашылығы институтының зерттеуі бойынша, жеміс-жидек жейтін зиянкестердің бірқатарын құлпынай мен басқа да жидектерден табуға болады.
Олар: шашақ қанаттылар, жібекөкбелек, ақ шыбындар, бит, Lygus қандаласы, кенелер, дрозофила шыбындарының дернәсілдері және тағы басқа.
Видеоның кадрларына қарап, бейнеде жидектерде болуы мүмкін ақ шыбын дернәсілдері көрсетілген деп болжауға болады. Олар Оңтүстік-Шығыс Азияда анықталған және бүкіл әлемде кездеседі. Шыбынның бұл түрі 20-30 градус температураны жақсы көреді.
Шыбын дернәсілдері жидекпен қоректенеді. Олар бастапқыда кішкентай болады, бірақ тамақтанған сайын өседі. Жидектер жұмыртқа салынғаннан кейін жиналса, жидектер тоңазытқышта сақталса да, ондағы дернәсілдер өсе береді.
Фактчекерлер шыбын дернәсілдерімен зақымдалған жидектердің денсаулыққа тигізетін зияны туралы ешқандай зерттеу таба алмады. Дегенмен энтомолог және Корнелл университетінің профессоры Грег Лобтың айтуынша, шыбын дернәсілдері денсаулыққа айтарлықтай зиян келтірмейді.
"Сіздің жемістеріңізде ағзалар бар, ол адамдарға ыңғайсыздық тудырса да, зиянын тигізбейді. Сіз жәндіктерді жесеңіз, ауырмайсыз. Бұл жәндіктердің көпшілігі жемістердің сыртында тіршілік етеді, құлпынай да бар", – деді ол.
Жемістегі құрттардан құтылу үшін құлпынайларды салқын суда 1 минуттай шаю керек. Осылай сіз паразиттердің орташа есеппен кемінде 80 пайызын жуып тастай аласыз.
Сондай-ақ Норвегияның қоршаған орта және өмір туралы ғылымдар университетінің зерттеуі сірке суымен шаю 80 пайыз жағдайда жидектердегі зиянкестермен күресуге көмектесетінін көрсетеді.
Түйін: құлпынайдың қабығында да құрттар бар, бірақ олар адам ағзасына соншалық зиян емес.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!