Көпшілікке Күлпаш ролімен танымал, актер, продюсер, "Шымкент шоу" театрының директоры Берік Тұрсынбеков "Түнгі студия" бағдарламасында бұл ролі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, енді Күлпаш кейіпкерін сомдағысы келмейді.
"Гүлпашты ойнағым келмейді, шаршадым. Осы маусымнан кейін доғарсам ба деген ой бар. Бірақ жылда сөйтіп айтамын. Көңілшектеуміз ғой. Мені бәрі әйел көреді ғой деймін, сырын айтып, мотивация аламыз деп сырласқысы келеді. Шынында, өйткенде дайректе жазып жіберіпті. "Күйеуім екеуміз ажырасатын болдық. Бір кезде күйеуім сыртқа шығып кетті, менің көзім "Күлпашқа" түсіп кетті, сөйтіп күйеуім кіріп келгенде мен күліп отырмын, ол маған қарап күліп, ажыраспайтын болдық" деп жазып жіберіпті. Біреудің отбасын сақтап қалса, бекерден-бекер қатын болып жүрген жоқпыз. Сөйтіп көніп қалып жатырмын", - дейді ол.
Оның айтуынша, Күлпаш кейіпкерінің кей қылықтарын туған әпкелерінен алған.
Тағы да оқи отырыңыздар: Рефлексия деген не?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз