Нигериялық жігітке тұрмысқа шыққан атыраулық Заида баласына айтылатын сынға ренішін айтып, пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Insatgram-парақшасында жариялады. Ол алдымен ерекше балалардың аналарына алғысын айтып, өз мәселесіне тоқталды.
"Осы жазбаны ерекше балалары бар аналарға арнағым келеді. Сіздерге көп рақмет. Берілмегендеріңіз үшін рақмет. Бас тартқыңыз келсе де, шаршасаңыз да, қиналсаңыз да берілмегендеріңіз үшін рақмет. Сіздер батырсыздар. Егер адам сізге ұқсамаса, бұл оның жаман екенін білдірмейді және сіз оны мазақ етпеуіңіз керек. Кейде ата-ананың өзі қатыгез болады. Балаларды бұлай етпеуге үйретудің орнына, олар мұны өздері жасайды. Бірде бізге әкесі мен баласы келіп жақындады: "Мәә, негрді қара. Менің балам негрді көрген жоқ. Жақындап келіп көрсінші" дейді. Мен өзімді хайуанаттар бағында жүргендей сезіндім. Тіпті мектепте нәсілдер туралы тақырып бар, онда негроид, монголоид, кавказ нәсілдер бар екенін өттік. Неліктен балаларға олармен бірге күліп, кемсітудің орнына, бұл қалыпты жағдай екенін жеткізбеске? Өзімізді басқалардан артық санаудың қажеті жоқ, күліп, саусақпен көрсетіп, талқылап, айыптауға ешкімнің құқығы жоқ", - деп жазды Заида.
Желі қолданушылары Заидаға өзекті мәселені көтергені үшін алғыс айтып, пікір білдірді.
"Бала ата-анасына қарап өседі. Сондықтан баланың бойына сүйіспеншілік, мейірімділік пен жанашырлық сіңіру керек", "Көп рақмет. Мен де ерекше баланың анасымын. Ең бастысы - сену және берілмеу", "Қандай күшті жазба. Барлық анаға басымды идім", "Қолдауыңызға рақмет, мен де ерекше баланың анасымын! Мен оны қатты жақсы көремін және мені таңдағанына алғыс айтамын", - деп жазды желі қолданушылар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!