Танымал актер Тәуекел Мүсілім баласын құлатып алып, сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Актер Instagram-парақшасына видео жариялады. Онда тұңғышы Айтөрені шаңғыдан құлатып алғаны көрсетілген.
"Әке бәрін үйретеді. Әкемен әрқашан қызық. Айтөре зардап шеккен жоқ. Анасы қасында болмады. Камераны қоршауға қойдым", - деп жазған актер.
Желі қолданушылар актердің мұндай қылығына наразы болып, түрлі пікір қалдырған.
"Бала қатты құлады ғой", "Бұл видеоны анасы көрмесін, көрсе әкесін өлтіреді", "Бетімен құлады ғой, жаным-ау", "Ана жерде тас болса ше? Кішкене абайлау керек", "Жетіге келгенше жерден таяқ жейді деген, ештеңе етпес...", "Күлкілі емес", - деп жазған актердің оқырмандары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!