- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Құлжа тасжолында көлік...
Құлжа тасжолында көлік жуу орны өртеніп, екі адам зардап шекті
12 қарашада сағат 21.00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданында Құлжа тасжолыны4 27-шақырымында көлік жуу орны өртенді. Бұл туралы Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жалын бір қабатты ғимаратты түгел шарпыған. Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер өртті сағат 22:49-да сөндірді.
"Өртсөндірушілер келгенге дейін оқиға орнынан Есік орталық аудандық ауруханасына ІІ дәрежелі термиялық күйікпен 1982 жылы туған әйел жеткізілді. Күйік орны - 30 пайыз, жағдайы ауыр деп бағаланған. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. 1996 жылы туған ер адам II дәрежелі термиялық күйік алған. Денесінің күйік шалған жері - 30 пайыз. Жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр", - деді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан