- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Күлген кезде ағзада...
Күлген кезде ағзада болатын таңғажайып өзгерістер
Күлу адамның көңіл-күйіне ғана емес, денсаулығына да пайдалы болып шықты. Мамандардың сөзінше, күлкі жүрек ауруларының алдын алып, иммунитетті нығайтуға көмектеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Доктор Питер" сайтына сілтеме жасап.
Мамандардың сөзінше, күн сайын күлі нормасы да бар. Күлу пайдалы болсын десеңіз күніне кем дегенде 30 минут күлу қажет. Дәрігерлер күлудің ағзаға екі түрлі пайдасы барын айтады.
Қатты күлуді дем алу гимнастикасы ретінде де қарастыруға болады. Бұл жағдайда диафрагма мен денедегі бұлшықеттер іске қосылады. Нәтижесінде қан айналымы мен лимфа ағымы жақсарады, парасимпатикалық жүйке жүйесі белсендіріледі. Бір қызығы біздің ағзамыз өтірік күлу мен шын күлуді ажырата алмайды. Дегенмен де шынайы күлген дұрыс. Себебі күлу стрестен арылуға көмектеседі.
Сонымен қатар, күлудің денсаулыққа тағы бірнеше пайдасы бар:
қан қысымын төмендейді;
тыныс алу бұлшықеттері күшейеді;
тіндердің оттегімен қанықтылығы арттады;
қандағы стресс гормоны-кортизол деңгейі төмендейді;
қандағы бақыт гормондарының бірі - эндорфин деңгейі жоғарылайды.
Осылайша, дәрігерлердің айтуынша, күлкі белгілі бір дәрежеде жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін азайтады, иммунитетті нығайтады және депрессиямен күресуге көмектеседі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина